18 наурыз 2019 21:22

Нидерландыда трамвайдағы атыс: Полиция күдіктінің суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/PolitieUtr, © REUTERS © facebook.com/PolitieUtr, © REUTERS

Нидерланд полициясы Утрехт қаласында болған атыстан кейін Түркия тумасы 37 жастағы ер адамды оқиғаға күдікті ретінде іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нидерланд полициясы Утрехт қаласында болған атыстан кейін Түркия тумасы 37 жастағы ер адамды оқиғаға күдікті ретінде іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қалалық полиция Twitter желісіндегі парақшасында Түркия тумасы 37 жастағы Гекман Танис есімді ер адамды іздестіріп жатқаны туралы жазған. Жергілікті тұрғындарды оның қайда болуы мүмкін екені туралы қандайда бір мәліметті білген жағдайда полицияға хабарласуды сұрайды және оған жақындамауға шақырады.

Полиция Twitter желісінде трамвайдағы атысқа күдікті ретінде өтіп жатқан ер адамның суретін жариялады.

Нидерланд билігі атыстан кейін Утрехт провинциясында террорлық қауіп деңгейін ең жоғарғы деңгейге көтерді. 

Айта кетейік, Утрехт қаласында 24 Oktoberplein аялдамасы маңында трамвайдың ішінде болған атыс салдарынан бір адам қаза тапты және бірнеше адам зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам жанындағы адамдарға оқ ата бастаған. 

Кейінірек REUTERS агенттігі үш адамның қайтыс боғланы туралы мәліметтерді жариялады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети