26 шілде 2016 15:18

Ниццада 84 адамды басқан лаңкесті тоқтатпақ болған адамға Желіде 21 мың еуро жиналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Францияда 14 шілдеде Ағылшын жағалауында жүк көлігімен адамдарды басқан лаңкестің әрекетін тоқтатпақ болып, ерлік көрсеткен Франк есімді ер адамға Желі қолданушылары жаңа мотороллер алу үшін қаражат жинап жатыр.


Францияда 14 шілдеде Ағылшын жағалауында жүк көлігімен адамдарды басқан лаңкестің әрекетін тоқтатпақ болып, ерлік көрсеткен Франк есімді ер адамға Желі қолданушылары жаңа мотороллер алу үшін қаражат жинап жатыр.

ТАСС мәліметі бойынша, "Қаһармандарға мотороллер" акциясын ғаламтор арқылы Манш департаментінің екі тұрғыны бастаған. Жиналған қаражат қажетті сомадан асып кеткен, шамамен 21 мың еуро.

Алайда қаражат жинау әлі де жалғасуда, бірақ ақшаның бір бөлігі теракт салдарынан зардап шеккендер жатқан Ницца емханаларына аударылады екен.

Еске салайық, 14 шілдеде Ницца әуежайының кеден қызметкері Ағылшын жағалауында болған, ол онда әйелімен мерекелік отшашуларды тамашалаған. Жағалауға жүк көлігінің кіріп кеткенін және жүргізушінің адамдарды әдейі басып жатқанын көріп Франк скутеріне отырып, оны қуып жеткен. Жүк көлігінің басқышына секіріп, мотороллерді дөңгелектің астына бағыттаған, алайда соның өзі де жүк көлігін тоқтатпаған.

Ашық тұрған терезеден Франк жүргізушіге бірнеше рет соққы жасаған, ал қарсыласы оны атпақ болған. Алайда қуанышқа орай, қару атылмай қалған. Содан кейін жүк көлігі тоқтаған, оны олицейлер қоршауға алып, артынша лаңкестің көзін жойған. 

Ницца қаласы мэрдің орынбасары және Прованс-Альп-Көкшіл Жағалау өңірлерінің басшысы Кристиан Эстрози Франкты көрсеткен ерлігі үшін марапаттады. Көпшілік Франкқа Құрметті легион орденін беруге лайықты деп санайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети