29 қазан 2020 17:13

Ниццадағы шіркеуге шабуыл: оқиғаның видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Ниццада пышақ ұстаған белгісіз адам тұрғындарға шабуыл жасаған сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Әлеуметтік желіде Ниццада пышақ ұстаған белгісіз адам тұрғындарға шабуыл жасаған сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Видео порталдың Telegram-каналында жарияланды. Кадрлардан ер адамның қалай аспанға оқ атып, басқаларды қарумен қорқытатынын көруге болады.

Қазір төтенше жағдай аймағында көлік қозғалысы тоқтатылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

Attentat nice pic.twitter.com/14qX79wyuw

Шабуыл жасаған адам ұсталды. Қала мэрі Кристиан Эстрози бұл террористік шабуыл екенін мәлімдеді. 

Сондай-ақ, ол Ниццаға президент Эммануэль Макрон мен премьер-министр Жан Кастекс келетінін айтты.

Екі апта бұрын Париж маңында мұғалім Самюэль Патидің басы кесілген болатын, ол сабақта Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен. Макрон бұл оқиғаны теракт деп атап, Франциядағы сепаратизмге қарсы күрес жариялаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети