Ниццадағы теракт орнында төрт қазақстандық болған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ниццадағы теракт орнында төрт қазақстандық болған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Соңғы мәліметтер бойынша, қазақстандық азаматтардың ішінде зардап шеккендер жоқ. Бірақ оқиға орнында төрт қазақстандық азамат болды. Түнгі уақытта қазақстандық азамат хабарласқан болатын. Олар өмірлері үшін қауіптеніп, терактіні терезеден көргенін айтты. Қазір олар қауіпсіз жерде, еш зардап шеккен жоқ", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.
Айта кетейік, Ниццадағы терактіден қаза тапқандардың саны 80-ге жетті. 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны басып алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылады. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты. Кейін ҚР СІМ өкілдері теракт кезінде қаза тапқандардың арасындағы қазақстандықтар туралы мәлімет түспегенін хабарлады. Сонымен қатар, терактінің суреттері мен видеолары пайда болды.