Нью-Йоркте бір топ адамды қаққан жүргізуші бұрынғы әскери қызметші болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Йоркте бір топ адамды қаққан жүргізуші бұрынғы әскери қызметші болып шықты Ричард Рохас. © REUTERS/Stephanie Keith

Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында бір топ адамды қаққан жүргізуші АҚШ-тың Қарулы күштерінің 26 жастағы бұрынғы әскери қызметшісі Ричард Рохас болып шықты. Бұл туралы қала әкімі Билл Де Блазио мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында бір топ адамды қаққан жүргізуші АҚШ-тың Қарулы күштерінің 26 жастағы бұрынғы әскери қызметшісі Ричард Рохас болып шықты. Бұл туралы қала әкімі Билл Де Блазио мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

Қала полициясы департаментінің сайтында жүргізушінің асқан жылдамдықпен келіп, жол бөлігінен шығып кеткені хабарланды. Салдарынан бір адм қаза тауып, тағы 22-сі жарқаат алған, оның төртеуі ауыр жағдайда жатыр. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы оқиғаға қатысты тергеуді жалғастырып жатқаны хабарланып отыр. Тәртіп сақшылары бұл оқиға теракт емес деген пікірде.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасаған NBC News телеарнасының мәліметінше, ұсталған Ричард Рохас "миында әлдеқандай дауыстар" естігенін айтқан.

Осыған дейін ер адамның қамауға алынғаны белгілі болған еді. Рохас 2008 және 2015 жылдары ішімдік ішіп, тізгінге отырғаны үшін қамауға алынған екен. Қазіргі уақытта оның оқиға кезінде мас болған-болмағаны тексеріліп жатыр. 

Еске салаыйқ, 18 мамырда күндізгі уақытта Нью-Йоркте көлік бір топ адамды қағып кеткен болатын. Куәгерлер жүргізушінің адамдарды қасақана қаққанын мәлімдеген еді. Жүргізуші оқиғадан кейін қашып кетпек болған, бірақ оны полицейлер ұстады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети