1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Нью-Йоркте көлік бір топ адамды "қасақана" қағып кетті: Қаза тапқандар бар18 мамыр 2017, 23:39

© Reuters © Reuters

Нью-Йоркте көлік бір топ адамды қағып кетті, кем дегенде бір адам қаза тапты және он адам зардап шекті, - деп хабарлайды Reuters куәгерлерге сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің саны әр басылымда түрліше айтылып жатыр: CBS телеарнасы 20 адам зардап шекті десе, қалалық өрт сөндіру қызметі кем дегенде 13 адам жарақат алды дегенді айтады. 

Оқиға Таймс-сквер алаңында болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, көлік асқан жылдамдықпен жаяу жүргінші жолына шығып кеткен. 

CNBC телеарнасы жүргізушінің қашып кетпек болғанын, бірақ ұсталғанын хабарлап жатыр. Оның кім екені белгісіз. Қазір ол куәландырудан өтіп жатыр, деп хабарлады NY1 телеарнасы. 

Куәгерлердің бірінің айтуынша, жүргізуші адамдарды қасақана соққан. 

CBS телеарнасы полицияға сілтеме жасай отырып, Таймс-сквердегі оқиғаның терроризммен байланысы жоқ екенін хабарлады. "Нью-Йорк қаласының полиция басқармасы: терроризммен байланысы жоқ", - делінген телеарна эфиріндегі жазбаша хабарламада.

Бұл оқиға жайлы АҚШ президенті Дональд Трамп хабарланды. "Президент Таймс-сквердегі оқиға жайлы хабарланды және жаңарған мәліметтерді алып тұрады", - деп жазды Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер Twitter желісінде.


Фото: @gb__/twitter 


© AP Photo / Mary Altaffer

 

 


Елордада IT-кеңес құрылды