30 шілде 2022 11:40

Нью-Йоркте маймыл шешегіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хочул маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай (ТЖ) жариялады. Бұл туралы ақпарат штат әкімшілігі сайтында шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хочул маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай (ТЖ) жариялады. Бұл туралы ақпарат штат әкімшілігі сайтында шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нью-Йорк штатындағы маймыл шешегі індеті туралы соңғы деректерді қарап шыққаннан кейін, осы індетке қарсы белсенді күш-жігерімізді нығайту үшін төтенше жағдай жариялаймын", - деді Хочул.

Оның айтуынша, АҚШ-тағы әрбір төртінші жағдай Нью-Йорк штатында тіркелген. Губернатор жергілікті билік вакциналар жеткізілімін ұлғайту және сынау мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Қаулыда маймыл шешегіне қарсы екпе алуға құқығы бар адамдар, соның ішінде жедел жәрдем қызметкерлері, фармацевтер мен акушеркалар шеңберін кеңейту қарастырылған.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметі бойынша, Америка Құрама Штаттарында маймыл шешегін жұқтырудың 5 189 жағдайы анықталған, ал Нью-Йоркте 1 345 жағдай тіркелген. Ауру көрсеткіші бойынша мемлекет көш бастап тұр. Одан кейін 1000-нан аз жағдай тірекелген ірі штаттар тұр - Калифорния (799), Иллинойс (419), Флорида (373), Техас (351) және Джорджия (351).

Маймыл індетінің өршуіне байланысты АҚШ президенті Джо Байден бүкіл елде төтенше жағдай жариялау мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазды The Washington Post ақпарат көздеріне сілтеме жасап. 23 шілдеде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі індетін жаһандық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети