29 сәуір 2020 09:15

Нью-Йорктегі аурухананың коронавирус жұқтырған бас дәрігері өз-өзіне қол жұмсаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FOX News © FOX News

Нью-Йоркте Манхэттеннің солтүстігіндегі аурухананың бас дәрігері Лорна Брин өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Medialeaks


Нью-Йоркте Манхэттеннің солтүстігіндегі аурухананың бас дәрігері Лорна Брин өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Medialeaks

Портал мәліметінше, 49 жастағы дәрігер коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген екен. Жақында бас дәрігердің өзінен коронавирус анықталып, оны жұмыстан босатқан. 

Брин соңына дейін науқастармен жұмысты жалғастыру керегін айтқан. Әріптестерінің айтуынша, Брин ауруханадан тыс жерде де жансақтау бөлімінде көз алдында болған қиын сәттерді жиі еске алып отыратын. Оның көз алдында вирус жұқтырған бірнеше науқас қайтыс болған екен. Нәтижесінде Брин науқастармен жұмыс кезіндегі эмоциялық күйді жеңе алмаған. 

"Ол өзінің жұмысын істеуге тырысты және ол оның өліміне себеп болды. Бринді батыр ретінде еске алайық. Оның өлімі - науқастардың өлімімен тең пандемияның салдары", - дейді дәрігердің жақындары. 


Лорна Брин © The New York Times

Еске салайық, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 1 миллионнан асты. Оның ішінде Нью-Йоркте 301 450 науқас анықталған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети