Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Обама Путиннің Украина туралы айтқандарына жауап қатты

05 Наурыз 2014, 11:26
0
"АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы жағдайға қатысты айтқандарына қатысты сұхбат берді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Сейсенбі күні өткен баспасөз конференциясында Путин Украинадағы жағдайды «билікті қарумен басып алу» деп бағалап, көрші елде президент Виктор Янукович пен парламенттің бір бөлігінен басқа бірде-бір билік органдары легитимді емес деп мәлімдеді.

"Шамасы президент Путиннің маңында өзгеше заңгерлер топтасқан. Мүмкін оған басқаша түсінік берген шығар. Меніңше былай ешкімді ақымақ ете алмайды» деп жауап қатты Вашингтонда сөйлеген сөзінде АҚШ президенті. Обама Ресейдің Украинаға қатысты іс-әрекеті өзге елдерді одан теріс айналуға апаратынын ескертті. "Көрші елдер де Ресейдің өзге елдің ішкі жағдайына араласу әрекетіне алаңдап отыр. Бұл көптеген елдерді Ресейден теріс айналуға апарады» деді Обама.

Одан да өзге Ақ үй өкілі Джей Карни, сейсенбі күні, Ресей әскерлерінің Қырымдағы іс-әрекетіне қатысты АҚШ-тың, мемлекеттік хатшы Джон Керридің, АҚШ-тың БҰҰ-дағ тұрақты өкілі Саманта Пауэрдің ұстанымын жеткізген болатын. Карнидің сөзіне қарағанда, Ресей әскерлерінің Қырымға баратын жолдарды жауып, ондағы әскери бөлімдерді қоршауға алуы "қияли қауіпке" қарсы жасалған әрекет. Украинаның шығысы мен Қырымда орыс тілділерге қатысты күш қолдану оқиғасы болғаны туралы нақты бірде-бір дерек жоқ»-деді ол.


Естеріңізге салса кетсек, Ресейдің БҰҰ-дағ тұрақты өкілі Виталий Чуркин америкалықтардың "Ресейдің алаңдаушылығы ойдан шығарылған" деп айтқандарын жоққа шығарған еді.

"Егер америкалық теледидарлардан бар ақпаратты сүзіп алсақ, Украинада бәрі керемет болған" деп мәлімдеді дипломат. Сондай-ақ АҚШ-тың Украинаға бір млрд доллар ақшалай көмек беретіні белгілі болды. Бұл туралы сейсенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри мәлімдеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай