Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Охот теңізінде батып кеткен кемедегі балықшыларға айыппұл салынды

13 Сәуір 2015, 10:22
0
© РИА Новости
© РИА Новости

Охот теңізінде апатқа ұшыраған "Дальний Восток" кемесіндегі барлық шетелдік азаматқа айыппұл салынды, - деп хабарлайды Lenta.ru "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап. Олар Ресей аумағында заңсыз қызмет етті деп айыпталып отыр.

Агенттіктің мәліметінше, кеме апатынан аман қалған 26 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсына 2 мың рубльден айыппұл салынды.

"Апатқа ұшыраған кемеде балық өңдеумен айналысқан 54 шетелдік азамат болған, олар: Мьянма, Латвия, Вануату мен Украина азаматтары. Олардың 26-сы құтқарылды, ал 24-і қаза болды. Із-түссіз жоғалғандардың қатарында Мьянманың үш және Вануатудың бір азаматы бар", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, апаттан аман қалған шетел азаматтары өз отандарына қайтарылып жатыр. Ресейдің тергеу комитеті кеменің иесі, фирманың бас директорының орынбасарын ұстады, ал бас директорға іздеу жарияланды.

Еске сала кетейік, Охот теңізіндегі кеме апаты бейсенбі, 2 сәуірге қараған түні Магаданнан шамамен 300 шақырым жерде болды. Құтқарушылар "Дальний Восток" кемесінің бортында болған 132 балықшының (олардың 54-і шетелдік) 119-ын мұзды судың астынан алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың 56-сы қаза тапқан, ал қалғандары қатты үсіп қалыпты.

Камчатск ТЖМ өкілі Охот теңізіндегі кеме апатына мұзды ахуалдың себеп болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жылжымалы мұзға соғылғаннан кейін пайда болған ойықтан кейін кеменің батып кетуі мүмкін.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай