1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Оқушы қыз мектепке қару апарып, сыныптастарына оқ жаудырды 21 наурыз 2018, 14:50

Курганская облысының Шадринск қаласындағы №15 мектептің жетінші сынып оқушысы қару апарып сыныптастарына оқ атты, деп хабарлады lenta.ru порталы
© Алексей Сазонов / РИА Новости © Алексей Сазонов / РИА Новости

Курганская облысының Шадринск қаласындағы №15 мектептің жетінші сынып оқушысы қару апарып сыныптастарына оқ атты, деп хабарлады lenta.ru порталы облыстық ІІДБ-ға сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, оқиға бүгін, 21 наурызда таңертең болған.

"13 жастағы қыз әкесіне тиесілі пневматикалық қаруды рұқсатсыз алып, мектепке апарып, сыныптастарына оқ жаудырған. Жеті бала жарақат алды: денелері көгерген және жара болып қалған", - делінген жарияланымда.

Қазір мектепте жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, мамандар оқиғаның мән-жайын анықтайды.