08 желтоқсан 2017 09:55

Оқушының әкесі мұғалім мен адвокатты директордың кабинетінде сабаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Ресейде ата-ана мұғалім мен оның адвокатын мектеп директорының кабинетінде ұрып-соққан. Полиция қызметкерінің көзінше болған даудың видеосы YouTube хостингінде жарияланды.


Ресейде ата-ана мұғалім мен оның адвокатын мектеп директорының кабинетінде ұрып-соққан. Полиция қызметкерінің көзінше болған даудың видеосы YouTube хостингінде жарияланды.

Оқиғаның мән-жайын РЕН ТВ телеарнасына адвокат Антон Гладких айтып берді. Айтуынша, мұғалім одан оны қорғап шығуын сұраған. Себебі ата-аналардың бірі оны бағаны өтірік қойып жүр және балаларды дайындық сабақтарына күштеп жіберіп жатыр деп айыптаған. Ал мұғалімді айыптап жүрген оқушы қыздың анасы полиция подполковнигі екен.

Заңгер осы іспен айналысуға келісімен берген. Клиентімен бірге лицей директоры мен оқушы қыздың анасымен сөйлесуге келгенде қыздың анасы ашуға салынып, дөрекі сөйлей бастаған. Содан кабинетке ер адам кіріп келіп, адвокатты ұрып-соға бастаған.

Телеарнаның мәліметінше, осының барлығын видеоға мұғалім түсірген. Ал ер адам оны видеоға түсіріп жатқанын көріп, мұғалімді де ұрып-соға бастаған. Оны теуіп жіберіп, жұдырығымен көзінен бір ұрған. Осы сәтте заңгер полицияға хабарласқан. Ер адам болса мұны көріп, оны тағы да бетінен ұрып жібереді.

Оқиға орнына дәрігерлер келіп, зардап шеккендерге көмек көрсеткен. Енді адвокат оқушы қыздың анасына жалған айыптаулары үшін, ал ер адамға директор қабинетінде қол көтеруіне байланысты олардың үстінен арыз түсірмекші.

"Өтініш полицияның кезекші бөліміне тіркелді. Оқиға орнына партульдік жасақ барды. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады телеарна өкілдері Ресей ІІМ Бас басқармасының Киров облысы бойынша баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети