23 наурыз 2020 09:22

Олимпиада ойындары кейінге шегерілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: rbc.ru Фото: rbc.ru

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ биыл Токиода өтетін Олимпиада ойындары кейінге шегерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.


Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ биыл Токиода өтетін Олимпиада ойындары кейінге шегерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Үкімет басшысы халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Осыған дейін ол Олимпиада-2020 ойындары қатысты соңғы шешім төрт аптаның ішінде Токиода қабылданатынын айтқан. Алайда Томас Бах Олимпиада ойындарын өткізбеу мәселесі қаралмайтынын атап өткен.

"Бұл менің ойындарды толық өткізу стратегияма жауап береді. Егер бұл қиын болса, біз ең алдымен спортшыларды ойлауымыз керек. (Ойындарды – редакция) кейінге шегеру туралы ойлануымыз да мүмкін", - деді Синдзо Абэ.

Сонымен қатар, Жапонияның премьер-министрі халықаралық Олимпиада комитетімен ақылдасатынын атап өтті. Ол өз шешімін G7 тобына мүше елдер, оның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп та қолдайды деген үмітте екенін айтты.

Айта кетейік, Канаданың Олимпиада және параолимпиада комитеті Токиода өтетін дүбірлі додаға спортшыларды жібермейтінін, Олимпиада ойындарын бір жылға шегеруді ұсынған.

Еске салайық, жазғы Олимпиада ойындары Токиода 24 шілде – 9 тамыз аралығында өтуі керек. Алайда әлемдегі коровирус пандемиясына байланысты дүбірлі дода кейінге шегерілуі ықтимал.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети