Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.58
EUR / KZT - 381.51
CNY / KZT - 48.32
RUB / KZT - 5.49

Олимпиадада Ресей "Татудың" әнімен қыр көрсетеді

04 Ақпан 2014, 09:31
2
"Тату" тобының "Нас не догонят" бейнеклипінің кадры.  ©Lenta.ru
"Тату" тобының "Нас не догонят" бейнеклипінің кадры. ©Lenta.ru
Сочиде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында ресейлік спортшылар құрамасы "Тату" тобының "Нас не догонят" әнімен таныстырылады деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпаратты 1 ақпан күні салтанаттың дайындығын көрген "Бизнес Online" басылымының тілшісі ең алғаш болып таратқан. Ресей спортшыларының өздерін "Тату" тобының атақты әнімен таныстыратыны туралы хабарды басқа да ақпарат құралдары растап отыр. Репетицияда әйгілі дуэттің өзі болмаған.

Бұған дейін "Татудың" Олимпиаданың ашылуында өнер көрсететіні хабарланған еді. Тағы қандай музыканттардың ән шырқайтыны әзірше белгісіз. "Алаш айнасы" Олимпиаданың мәдени шараларына барлығы 5000 әртіс қатысатынын жазады.

Еске салайық, XXII Қысқы Олимпиада ойындары 7 ақпан күні "Фишт" стадионында Мәскеу уақыты бойынша 20.14-де салтанатты жағдайда ашылады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай