14 сәуір 2022 17:54

Оңтүстік Африкада су тасқынынан 300-ден аса адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Оңтүстік Африкада су тасқыны мен қатты көшкін салдарынан 300-ден аса адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Africa News сайтына сілтеме жасап.


Оңтүстік Африкада су тасқыны мен қатты көшкін салдарынан 300-ден аса адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Africa News сайтына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, Оңтүстік Африканың шығысындағы Дурбан қаласында толассыз жауған жаңбыр су тасқынына себеп болған. Су тасқыны салдарынан пойыз қозғалысы бұзылды. 6 мыңнан астам үй зардап шекті. Африканың ең маңызды порты Дурбанда жүк контейнерлерін шашыратып жіберді, оның жұмысы тоқтатылды.

©REUTERS

Мәлімет бойынша, із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, қаза тапқандар саны артуы мүмкін. Бір отбасы су тасқынынан 10 мүшесінен айырылды деген хабар бар. Тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафоса Дурбан қаласындағы су тасқыны мен көшкіннен зардап шеккен елді мекендердің біріне барып "үлкен апат"деп атады.

Табиғат апатынан зардап шеккен бірнеше жүз адамға билік уақытша баспана салып берді. Инженерлер зардап шеккен аймақтарға электр қуатын беріп жатыр. Сонымен қатар, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін әскер жұмылдырылды.

©REUTERS

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети