26 қаңтар 2018 11:10

Оңтүстік Корея президенті ауруханада болған ірі өрттен кейін жедел түрде жиын өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин. © REUTERS Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин. © REUTERS

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Мильян қаласында орналасқан ауруханадағы өртке байланысты жедел түрде жиын өткізеді, - деп хабарлайды РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасап. Айта кетейік, ауруханада болған өрттен 33 адам қаза болды.

Ренхап агенттігінің мәліметінше, алдын ала мәліметке қарағанда өрт аурухананың бірінші қабатында шыққан. Сол сәтте онда шамамен 100 адам болған. Өртті тек 1 сағат 40 минуттан соң өшіру мүмкін болған. Шамамен 40 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген.

Сондай-ақ, агенттіктің мәліметінше, өрттен қаза болғандардың саны әлі де көбеюі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети