30 сәуір 2020 14:40

Оңтүстік Кореяда қоймадан өрт шықты: екі қазақстандық қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Оңтүстік Кореяның логистикалық қоймасының құрылыс алаңында болған өрт кезінде екі қазақстандық қаза тапты. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2020 жылдың 29 сәуірінде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласындағы логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт болып, 38 адам қайтыс болды. Тағы 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік әліметінше, 38 адамның 29-ы кім екені анықталды. Оның ішінде екі Қазақстан азаматы бар. Біздің дипломаттар Сеулмен байланыста. Тағы 9 адамның кім екені анықталып жатыр, жұмыстар жүргізіліп жатыр", - дейді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі. 

Айта кетейік, екі қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети