21 шілде 2019 13:24

Оңтүстік Кореяда лай фестивалі өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяның Порён қаласында дәстүрлі лай фестивалі өтіп жатыр. Осымен 22-ші мәрте ұйымдастырылып отырған шараға әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам қатысып жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Фестиваль осы өңірдегі туризмді дамытып, лай саяжай мекендерін насихаттауға бағытталған. Осы мақсатта қызықты фестивальде балшықта күрес, жүгіру, би жарысы сынды түрлі сайыстар өткізіледі.

Жалпы биыл жергілікті билік 55 ойын-сауық шарасын өткізуді жоспарлаған. Фестиваль шілденің 28-іне дейін жалғасады.

"Мен фестивальге достарыммен бірге келдім. Қазір мұнда күн ыстық. Бірақ балшықты бассейндерге шомылып, салқындап рахаттанып қалдық. Бір жағынан ем алдым деп ойлаймын. Себебі балшықтың теріге пайдалы екені белгілі", - дейді Пак Хё Гён есімді жергілікті тұрғын.

Суреттер AP Photo/ Lee Jin-man

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети