Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 7 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 7 жылға сотталды Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жұбайы пара алу ісі бойынша жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yonhap-қа сілтеме жасап.


Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жұбайы пара алу ісі бойынша жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yonhap-қа сілтеме жасап.

Оған қандай айып тағылды?

Сеул орталық округтік соты делдалдық арқылы пара алу ісін қарап, Ким Гон Хиді кінәлі деп таныды. Тергеу мәліметінше, бұрынғы бірінші ханым өзінің ресми мәртебесін жеке тұлғалар мен компаниялардың мүддесіне мәселелерді шешуге пайдаланып, есесіне құнды сыйлықтар алып отырған.

Арнайы прокурорлар тобы Ким Гон Хиге жеті жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын. Тергеу тарапы мемлекет басшысының жұбайы жеке мәмілелер жасау және пайда көру үшін өз лауазымын бірнеше рет пайдаланғанын алға тартты.

Chanel, Graff және бизнестегі артықшылықтар

Айта кетейік, қаңтарда Сеул соты Ким Гон Хиді бизнес артықшылықтарға қол жеткізбек болған Бірігу шіркеуі өкілдерінен қымбат заттар алғаны үшін кінәлі деп танып, 1 жыл 8 ай бас бостандығынан айырған болатын. Мәселе Кимнің 2022 жылдың шілдесінде алған Chanel сөмкесі мен Graff алқасы туралы болып отыр.

Ким Гон Хи бұрын қызметінен шеттетіліп, қазір өзі бірнеше қылмыстық іс бойынша айыпталып жатқан Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жұбайы. Бұған дейін прокурорлар оны өлім жазасына кесуді сұраған болатын: бұл талап Оңтүстік Корея экс-президентіне қатысты 2024 жылы әскери жағдай енгізу әрекеті ісі бойынша қойылды.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +22
Ақтау +22
Ақтөбе +15
Атырау +22
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +20
П
Павлодар +15
Петропавл +19
С
Семей +18
Т
Талдықорған +22
Тараз +26
Түркістан +16
О
Орал +16
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер