Оңтүстік Кореяда елдің жаңа сайланған президенті Мун Чжэ Инді ұлықтау рәсімі өтті, - деп хабарлайды РИА Новости. Айта кетейік, Мун Чжэ Ин сайлауда 41,08 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.
Оңтүстік Кореяда елдің жаңа сайланған президенті Мун Чжэ Инді ұлықтау рәсімі өтті, - деп хабарлайды РИА Новости. Айта кетейік, Мун Чжэ Ин сайлауда 41,08 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.
Басылымның мәліметінше, жаңа сайланған президент ұлықтау рәсімінен кейін халыққа үндеу жасады. Мун Чжэ Иннің үндеуі жергілікті телеарналардан және Сеул көшелерінде көрсетілген.
"Қажет болса, мен бірден Вашингтонға ұшып кетем, мүмкіндіктер болса, Пхеньянға да баруға дайынмын", - деді ол үндеуінде Корея түбегіндегі шиеленісті бәсеңдеткісі келетінін айта отырып.
Айта кетейік, президент сайлауы бұл жолы мерзімінен бұрын өтті. Себебі осыған дейін Оңтүстік Кореяның экс-президентіне пара алды деген айып тағылған болатын. Ал кейінірек сот елдің бұрынғы президентін қамауға ордер берген еді.