30 наурыз 2017 10:12

Сот Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін қамауға ордер берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пак Кын Хе. © koreaboo.com Пак Кын Хе. © koreaboo.com

Оңтүстіккореялық сот экс-президент Пак Кын Хені қамауға ордер берді, - деп хабарлайды "Вести.Ru".


Оңтүстіккореялық сот экс-президент Пак Кын Хені қамауға ордер берді, - деп хабарлайды "Вести.Ru".

Осылайша, сот оған тағылған айыптарға, оның ішінде парақорлық және билігін асыра пайдалану айыптауларына келісті.  РИА Новости мәліметінше, прокуратура экс-президенттің қамауға алынуын сұрап отыр, себебі олардың ойынша, өткен жылдың күзінде ұсталған экс-президенттің жақын құрбысы Пак Кын Хе Цой Сун Сильдің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екенін дәлелдейтін кейбір маңызды айғақтарды жасыруы мүмкін делінеді. 

Парақорлық ісі бойынша экс-президенттің құрбысы Цой Сун Силь ұсталғаннан кейін Пак Кын Хеге импичмент жарияланып, наурыз айының басында Конституциялық сот оның қызметтен кетуі туралы шешім шығарды. 9 мамырда елде президент сайлауы өтеді. Прокуратура экс-президентке қатысты нақты бір шешімге наурыз айының соңында келуі мүмкін. 

Цой Сун Сильге кореялық ірі компаниялардан 70 миллион доллар бопсалады және 13 іс бойынша саяси процестерге араласты деген айыптар тағылды. Оның ішінде Samsung корпарациясының басшысы Ли Чжэ Ен өзінің компаниясына тиімді жағдай орнатуы үшін Цой Сун Сильге 37 миллион доллар пара бермекші болған делінеді. Samsung компаниясының басшысы Ли Чжэ Ен ақпан айының соңында ұсталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети