28 сәуір 2018 08:51

Оңтүстік пен Солтүстік Корея бірінші ханымдарының кездесуі әлемдік БАҚ назарын аударды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Корея лидері Кич Чен Ынның жұбайы Ли Соль Чжу мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің әйелі Ким Чжон Сук әскериленбеген аймақтағы Пханмунджом келіссөз пунктінде кездесті. Екі мемлекеттің бірінші ханымдары мұндай кездесуді тұңғыш рет өткізіп отыр, - деп хабарлайды Yonhap.


Солтүстік Корея лидері Кич Чен Ынның жұбайы Ли Соль Чжу мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің әйелі Ким Чжон Сук әскериленбеген аймақтағы Пханмунджом келіссөз пунктінде кездесті. Екі мемлекеттің бірінші ханымдары мұндай кездесуді тұңғыш рет өткізіп отыр, - деп хабарлайды Yonhap.

Ли Соль Чжу мен Ким Чжон Сук жылы лебіз танытып, қол алысты. Осыдан кейін күйеулерімен бірге суретке түсіп, банкетке барды. КХДР лидерінің әйелі кездесуге қою сары-қызғылт түсті батыс үлгісіндегі костюм таңдапты. Ал оңтүстіккореялық президенттің 62 жастағы әйелі күлгін танамоншағы бар ашық көк түсті пальто киіпті.

Ли Соль Чжу шетелдік лидерлермен қарым-қатынас тәжірибесі болмаса да өзін еркін ұстап, сенімді көрінді. Тарихи оқиғаның кадрларын әлемдік БАҚ таратып жатыр.

 
© Reuters/yonhapnews/EPA

Мұның алдында КХДР және Корея Республикасының басшылары Ким Чен Ын және Мун Чжэ Ин екі ел арасындағы демаркациялық аймақта орналасқан Пханмунджом келісім орнына келіп, қол алысқан еді. Ким Чен Ын КХДР делегациясы "бейбітшілік пен гүлдену жолындағы жаңа тарихы басталғандай сезімде" келгенін айтты. Өз кезегінде Мун Чжэ Ин Солтүстік Корея басшысын келісімге келуге шақырды. "Ашық диалог жүргізсек, ұлтымызға және бейбітшілікке ұмтылған бүкіл әлем халқына үлкен сый жасаймыз", - деді ол.

Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен шекараны кесіп өтіп, 65 жылда мұндай қадамға барған ҚХДР-дің алғашқы басшысы болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети