06 наурыз 2020 09:52

"Отставкаға!". Депутат Зеленскийді сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© SLAVA GRUZDIEV © SLAVA GRUZDIEV

Украиналық депутат Алексей Гончаренко Жоғарғы Рада отырысында президент Владимир Зеленскийді сынға алды. Ол Зеленский жүргізген тағайындаулар мен жалпы елді басқаруына наразылық білдірді. Отырыстың видеосы YouTube хостингінде жарияланды.

Жоғарғы Рада отырысы 4 наурызда өткен. Ол кезде Алексей Гончаренконың жұмыстан босатылуы мен жаңа премьер-министр Денис Шмыгальдың тағайындалуы күн тәртібінде болған.

Гончаренко мінберге шыққанда Зеленскийге айғайлап, оның біліксіз екенін айтқан. Президенттің жарты жылдағы жұмысына қатысты сын айтқан. Бірақ бір сәтте эмоцияға берілген депутаттың микрофоны өшіп қалған.

"Сіз зорлықшы депутаттың мандатын тартып аламыз деп уәде бердіңіз. Бірақ ол қазір Жоғарғы Радада, дәл қазір осында отыр", - деді Гончаренко. Сондай-ақ, ол президентке батыл болып, отставкаға кету туралы өтініш жазуды ұсынды.

Депутаттың сөзінен соң ол орнынан тұрып, Гончаренкоға барған. Алайда олардың әңгімесі жазылмады. Зеленский болса осы уақыт бойы депуттатың сөзін тыңдап, үндемей тұрған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети