17 тамыз 2021 09:22

Өзбекстан Бас прокуратурасы Ауғанстан ұшақтары туралы хабарламаны өшіріп тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: pixabay.com Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Өзбекстанның Бас прокуратурасы Telegram-дағы ресми арнасынан 14 және 15 тамызда шекарадан өткен Ауғанстан әскери ұшақтары мен тікұшақтарына қатысты хабарламаны өшіріп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Өзбекстан Telegram-арнасын сілтеме жасап. 


Өзбекстанның Бас прокуратурасы Telegram-дағы ресми арнасынан 14 және 15 тамызда шекарадан өткен Ауғанстан әскери ұшақтары мен тікұшақтарына қатысты хабарламаны өшіріп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Өзбекстан Telegram-арнасын сілтеме жасап. 

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі бұған дейін Telegram-каналында сенбі және жексенбіде Ауғанстанның 585 қарулы әскери қызметшісі отырған 22 ұшақ мен 24 тікұшақ ел шекарасынан заңсыз өткенін хабарлаған.

"Ведомство Telegram-дағы ресми арнасынан сенбі және жексенбіде шекарадан өткен ауған ұшақтары мен тікұшақтары туралы хабарламаны өшіріп тастады", - деп жазды Sputnik Өзбекстан арнасы.

Ведомство бұрын жарияланған ақпарат "толық түсіндірілмегені және жауапты ведомстовалардың тексерілген мәліметтеріне негізделмегені" туралы мәлімдеме жасаған. Прокуратура қатесі үшін кешірім сұрады.

Еске салайық, тәліптер елдегі билікті тез басып алуына байланысты Ауғанстан астанасы Кабулда дүрбелең болып жатыр. 16 тамызда жүздеген адам елден кетуге тырысып, Кабул әуежайына жиналған.

Кейінірек жұрт елден кетуге тырысып, ұшақтың қаптамасына жабысып жатқаны түсірілген видео пайда болды. БАҚ әуежайдағы тәртіпсіздік кезінде кем дегенде 7 адам қайтыс болды деп хабарлайды. Олардың қатарында америкалық әуе кемесінің шассиіне жармасқандар да бар.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдайды деген ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети