27 маусым 2022 16:26

Өзбекстан неге Қарақалпақстанның мәртебесін өзгертуді жоспарлап отыр? Маман пікірі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/mirziyoyev_sh Фото: instagram.com/mirziyoyev_sh

Алда Өзбекстанда өтетін референдум мен Қазақстанда өткен референдумның басты айырмашылығы неде? Осы және өзге де сұрақтарға Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) сарапшысы Ерсұлтан Жансейтов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алда Өзбекстанда өтетін референдум мен Қазақстанда өткен референдумның басты айырмашылығы неде? Осы және өзге де сұрақтарға Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) сарапшысы Ерсұлтан Жансейтов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ел конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынды. Түзетулер бірқатар прогрессив өзгерісті қамтиды, деп есептейді саясаттанушы.

"Жаңартылған конституция мемлекетте қолайлы бизнес-инвестиция ахуалын айқындайды, бизнесті дамытуға жағдайды қамтамасыз етеді, экономикада монополияны болдырмайды, кәсіпкерлерге шексіз мөлшерде табыс алу құқығын береді. Сондай-ақ, өлім жазасына тыйым салу және азаматтардың жеке өміріне қол сұқпау құқығын қамтамасыз ету ұсынылады", - деді сарапшы.

Ерсұлтан Жансейітов Өзбекстанда референдум өткізу туралы шешім Қазақстандағы референдум өткен соңы 15 күннен кейін қабылданғанына ерекше назар аударды.

"Бұл факт Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешімінің тиімділігі мен өзектілігін мойындау және көршіміздің қазақстандық оң тәжірибені қабылдауы деп түсіндіруге болады", - деді ол.

Саясаттанушы Қазақстан мен Өзбекстан референдумындағы айырмашылықтарға да тоқталды.

"Егер Қазақстанда Конституцияға түзетулер "суперпрезиденттік" республикадан көшу, яғни президенттің өкілетін Парламент пайдасына қысқарту мақсатында енгізілсе, Өзбекстанда керісінше, оны кеңейту ұсынылып отыр", - деді Жансейітов.

Саясаттанушының айтуынша, осылайша, президенттік өкілетті 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

"Сонымен қатар, президенттің өкілетті Есеп комитеті, Ұлттық банк және Антикор басшыларын тағайындауға қатысты кеңейеді. Бұған қоса, президент Мирзиеевтің лауазымын атқару мерзімі "жаңаратын" көрінеді", - деді ол. 

Тағы бір маңызды жайт, конституцияның 74-бабына өзгертулер енгізу - яғни жалпыхалықтық референдум нәтижесі бойынша Қарақалпақстанды Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығынан айыру.

"Осындай шешім қабылдауға түрткі болған Украинадағы жаңадан құрылған "квазимемлекеттік" құрылымдардың прецеденті болғаны анық. Бұл қазіргі кең ауқымды халықаралық қақтығысқа әкелді. Айта кету керек, бұл мәселеде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер шекарасының мызғымастығы мен егемендігі қағидаттарын ұстанады", - дейді маман.

Соңында Ерсұлтан Жансейітов Өзбекстанда жоспарланған референдум бүгінде мемлекет алдында тұрған ішкі және сыртқы сын-қатерлерге жауап екеніне сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети