07 наурыз 2021 11:35

Өзбекстан президентінің күйеубаласына шетелде операция жасалды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/otabek_muhammadalievich © instagram/otabek_muhammadalievich

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің күйеубаласы Отабек Умаров екі аяғы сынып, Оңтүстік Кореяға жеткізілді. 4 наурызда Умаровқа операция жасалды. Ол арнайы медициналық ұшақпен жеткізілген, - деп хабарлайды "Озодлик".


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің күйеубаласы Отабек Умаров екі аяғы сынып, Оңтүстік Кореяға жеткізілді. 4 наурызда Умаровқа операция жасалды. Ол арнайы медициналық ұшақпен жеткізілген, - деп хабарлайды "Озодлик".

Мемлекет басшысы мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Ташкент орталығында 13 ақпанда жол апатына түскен. 

Президенттің күйеубаласы мотоциклмен жоғары жылдамдықта келе жатып, оны басқара алмай, көлікті соғып, артынша бетон бордюрға соғылған. 

Умаров Ташкенттегі №16 қалалық ауруханаға жеткізілген. Медицина қызметкері басылымға "екі аяғы сынған пациентке алты сағат ішінде көмек көрсетілгенін" айтқан.  

Басылым мәліметінше, "Умаровтың оң аяғы үш жерден сынған, ал сол аяғының сүйегі уатылып кеткен". Умаровтың аяғына Илизаров аппараты қойылған.  

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Умаров Оңтүстік Кореяға жеткізілген. "Озодлик" мәліметінше, ол екі апта карантинде жатқан. 

Басылым мәліметінше, Өзбекстанның президент әкімшілігі, президенттің мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Сыртқы істер министрлігі жол апатына қатысты әлі пікір білдірмеген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети