04 шілде 2022 12:48

Өзбекстанда конституцияға енгізілетін түзетулерді талқылау мерзімі ұзартылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан парламенті конституцияға түзетулерді талқылауды 15 шілдеге дейін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстан Олий Мажлисінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өзбекстан парламенті конституцияға түзетулерді талқылауды 15 шілдеге дейін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстан Олий Мажлисінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Заң шығару палатасы "Өзбекстан конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасын жалпыхалықтық талқылау мерзімін 15 шілдеге дейін (10 күнге - еск.) ұзарту туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Жокаргы Кенес депутаттарымен және Қарақалпақстан жұртшылығы өкілдерімен кездесуінде барлық ұсынысты ескеру қажет екенін атап өткені айтылды.

"Яғни, Өзбекстан конституциясының 70, 71, 72, 74 және 75-баптары өзгеріссіз қалдырылып, қолданыстағы нормалар сақталады деп көрсетілген", - деп түсіндірді заң шығару палатасы өкілдері.

Осы түзетулерге байланысты 1 шілдеде Қарақалпақстанда шерулер басталды. Өзбекстан Ішкі істер министрлігі Қарақалпақстанның бас қаласы – Нүкістегі митингілерге "республикада жүргізілген конституциялық реформаларды дұрыс түсіндірмеу" себеп болғанын атап өтті.

Қарақалпақстандағы жағдай тұрақтанды - Мирзиеевтің баспасөз қызметі

Өзбекстанның қолданыстағы конституциясында Қарақалпақстан осы республика халқының жалпы референдумы негізінде ел құрамынан шығу құқығына ие егемен республика ретінде көрсетілген. Жақында ел конституциясына түзетулер жобасына сәйкес бұл ережелерді алып тастау ұсынылатыны белгілі болған еді. Қарақалпақстан халқы бұл өзгерістерге наразылық білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети