26 наурыз 2020 14:18

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандарға бес күн ішінде аурухана салу жоспарланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Узбекистан 24" Фото: "Узбекистан 24"

Өзбекстанда коронавируспен күресу мақсатында ауруханалар салына бастады. Алғашқы ауруханалардың бірі бес күн ішінде пайдалануға берілмек, - деп хабарлайды "Газета.uz".


Өзбекстанда коронавируспен күресу мақсатында ауруханалар салына бастады. Алғашқы ауруханалардың бірі бес күн ішінде пайдалануға берілмек, - деп хабарлайды "Газета.uz".

Дереккөз мәліметінше, жаңа үш аурухананы Ташкентте салу жоспарланып отыр, сондай-ақ, Өзбекстанның басқа облыстарында да ауруханалар салынатыны айтылады.

Жергілікті телеарналар алғашқы аурухананың бірі Юкоричирск ауданында, ал екіншісі Зангиан ауданында салынатынын хабарлайды.

Өзбекстанның құрылыс істері министрі Батыр Зәкіровтің айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша елде тез арада ауруханалар салу жоспарланды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 65 адамға жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети