13 маусым 2018 10:00

Өзбекстанда президентті мақтап, ән жазуға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан билігі президентке жағымпазданушыларды өзгеше әдіспен тоқтатпақ, - деп хабарлайды Оzodlik.org.


Өзбекстан билігі президентке жағымпазданушыларды өзгеше әдіспен тоқтатпақ, - деп хабарлайды Оzodlik.org.

Бұл мәлімдеме "Өзбекконцерт" мемлекеттік органында айтылды. Шенеуніктер мемлекет басшысына айтылатын мақтау әндерін айтқан орындаушылар мен композиторлардың орындауға лицензиясынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеп отыр.

"Мемлекет басшысының қызметіне қатысты видеоклип арнау этикаға жат", - деді "Өзбекконцерт" уақытша директоры Азамат Хайдаров.

Көрші ел билігінің мұндай қадамына Желіде 49 жастағы әнші әрі актриса Дильфуза Исмаилованың "Пусть будет здоров султан этой красивой земли" атты әнінің жариялануы себеп болған. 

Видеоролик YouTube хостингінде 21 мамырда жарияланып, кейін ол өшірілген. Әнде Шавкат Мирзиеевті "керемет сұлтан", "сүйікті адам" деп мақтайды. Роликте Каримовтың жетекшілігінде премьер-министр болып жұмыс істеген Мирзиеев бейнеленген.  

Алайда бейнебаян шыққаннан кейін Дильфуза бұл әнді "жүрегі мен ар-ұяты" үшін жазғанын айтқан. Кейін бейнебаянды әлеуметтік желі қолданушылары сынады. 


Өзбек әншісі әрі актриса Дильфуза Исмаилова

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети