1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Өзбекстанда шетелдік туристерге келуге рұқсат етілді18 қыркүйек 2020, 07:32

Фото: podrobno.uz Фото: podrobno.uz

Өзбекстанда 1 қазаннан халықаралық туризмге байланысты шектеулер алынып тасталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап. 

Мұндай шешімді арнайы республикалық комиссия 17 қыркүйекте карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету аясында шығарды.

Өзбекстанға шетелдік саяхатшыларды әкелетін туристік фирмалар енді туристік топтар үшін (кемінде 5 адам және 15 адамнан көп емес) тур ұйымдастыра алады. Мұндай топтарды 14 күн карантинге жатқызбауға болады.

Алайда туристік компаниялар келушілердің бәрі ПТР-тест тапсырғанына сенімді болуы керек. Сондай-ақ туристердің міндетті түрде медициналық сақтандыруы болуы тиіс.

Егер туристе коронавирустың симптомдары байқалса, ол өз ақшасына елге кірерде өткізу-бақылау пунктінде тестілеуден өтеді. Вирус жұқтырғаны расталса, онда өз ақысына карантинге жатқызылады. Емделіп шыққан соң ғана үйіне қайтуға болады.

Айта кетейік, Алматыдан Ташкентке әуе рейстері 11 қыркүйектен жаңартылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!