01 тамыз 2022 18:32

Өзбекстанда "ВКонтакте", Twitter және WeChat бұғаттан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Өзбекстан президенті әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі елде бұрын бұғатталған әлеуметтік желілердің жұмысы қалпына келтірілгенін жариялады, - деп хабарлайды Nuz.uz.


Өзбекстан президенті әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі елде бұрын бұғатталған әлеуметтік желілердің жұмысы қалпына келтірілгенін жариялады, - деп хабарлайды Nuz.uz.

Атап айтқанда, бұдан былай Өзбекстанда Twitter, WeChat және "ВКонтакте" әлеуметтік желілерін еркін пайдалануға болады.

TikTok платформасындағы шектеулер әлі де бар, бірақ хабарламада бұл платформамен келіссөз әлі аяқталмағаны айтылған. Нәтижелері белгілі болғаннан кейін олар қосымша хабарланады.

2021 жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев тиктокшыларды Әлішер Науаи, Әмір Темір ескерткіштеріндегі орынсыз әрекеттері үшін сынға алған болатын. Ол мұндай заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілетінін айтып, ата-аналар мен уәкілетті құрылымдарды әрекетсіздігі үшін айыптаған.

"Біздің қоғамда жастарымызға мүлдем сәйкес келмейтін және бәрімізді масқара ететін мұндай келеңсіз көріністерге орын болмауы керек", - деген еді Мирзиёев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети