22 қыркүйек 2016 09:46

Өзбекстанның жаңа президенті басшыларды қызметінен қуа бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеев Джизак қаласының басшысын және Джизак облысының кейбір аудандарының басшыларын жұмыстан шығарды. Бұл туралы республика президентінің сайтында хабарланып отыр.


Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеев Джизак қаласының басшысын және Джизак облысының кейбір аудандарының басшыларын жұмыстан шығарды. Бұл туралы республика президентінің сайтында хабарланып отыр.

Мирзиеев 16 қыркүйекте жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен танысу мақсатында Джизак облысына барған. "Сол күні Джизак қалалық халық депутаттарының кеңесі өтті. Онда жұмыстағы шалалықтары үшін Джизак қаласының хокимі Асрор Кобилов қызметінен кетті. Мирзиеев Абдукаххар Тухтаевты әкім етіп тағайындады", - делінген хабарламада.  

Сонымен қатар, президенттің баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, қызметтегі қателіктері мен шалалықтары үшін Джизак облысының прокуроры, сонымен қатар, бірқатар ауданның хокимдері жұмыстан шығарылыпты. Олардың орнына жаңа шенеуніктер тағайындалып та қойыпты. 

Еске салайық, 2 қыркүйекте 78 жасында Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болған еді. Кейін Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президентінің міндетін уақытқа атқарушы болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети