Оззи Осборн Жанна Фрискеге ақша жинауда

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жанна Фриске. Tengrinews.kz фотомұрағатынан Жанна Фриске. Tengrinews.kz фотомұрағатынан

Сырқаты асқынған ресейлік әнші Жанна Фрискенің емделуіне қол ұшын беру үшін Оззи Осборн қаржы жинауға кірісіп кетті. Мидың қатерлі ісігі сырқатына шалдыққан Ресей жұлдызына ақшалай көмек көрсетуге ниетті екендіктерін Оззи Осборнның жұбайы Шэрон Осборн Life News порталына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Лос Анджелестен жасаған бейнежолдауында Шэрон өзінің күйеуімен 1 маусымда Мәскеуге барып Жанна Фрискемен кездескісі келетінін, бірақ алдымен оның емделуіне қаржы аударғысы келетінін жеткізді. Шэрон осы бейнежолдауды Жанна өзінің сайтына орналастыруын сұрады. Сондай-ақ Шэрон Осборн көпшілікті белгілі әншіге көмектесуге шақырды. Осыдан 12 жыл бұрын Шэрон Осборн да қатерлі ісік дертіне шалдыққан еді. Қатерлі ісік асқынып, оның өмір сүру мүмкіндігі 40 пайызға дейін төмендеген болатын. Алайда өзінің сырқатына қарамастан Шэрон "Осборндар отбасы" сериялына түсуін тоқтатқан жоқ. Сөйтіп ол соңында аты жаман дертті жеңген еді. Бұған дейін Жанна Фрискенің өнерін құрметтеушілер, оның табынушылары Жаннаның емделуіне 2 млн доллар жинап бергендігі туралы ақпарат тараған болатын. Тіпті артылған ақша қатерлі ісікке шалдыққан балалардың емделуіне жұмсалатыны айтылды. "Блестящие" тобының бұрынғы әншісі Жанна Фрискеге қатерлі ісік диагнозы қойылғаны жақында ғана белгілі болған еді. Бүгінде 39 жастағы Жанна Нью-Йоркте химиятерапия курсын қабылдауда.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.7  course up  589.98  course up  6.39  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer