1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Пәкістанда ұшақ апатқа ұшырап, 19 адам қаза тапты

© twitter.com/BajouryLuqman © twitter.com/BajouryLuqman

Пәкістанның солтүстік-шығысында әскери ұшақ апатқа ұшырап, 19 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, төтенше жағдай Равалпинди қаласында 30 шілдеге қараған түні болған. Ұшақ құлаған соң өртеніп, өрт сол маңдағы үйлерге дейін жеткен. Бірақ ұшақтың нақты не себептен құлағаны айтылмады.

Қаза тапқандардың ішінде екі ұшқыш пен экипаждың үш мүшесі бар. Сондай-ақ, 16 адамның жарақат алғаны белгілі болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.