17 желтоқсан 2019 15:47

Пәкістанның экс-президенті өлім жазасына кесілді

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф. © Anjum Naveed Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф. © Anjum Naveed

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталып, өлім жазасына кесілді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталып, өлім жазасына кесілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Пәкістанның мамандандырылған алқа соты елдің экс-президентін 6-бап бойынша айыпты деп танып, өлім жазасына кесті. Пәкістан заңы бойынша, конституция ережелерін бұзған адам мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталады екен.

Үш адамнан құралған алқа сотының екі мүшесі экс-президенттің қатаң жазалануына дауыс берген.

Тергеу мәліметінше, 2001-2008 жылдары ел басқарған Мушарраф 2007 жылы мемлекетке сатқындық жасаған. Ол елде төтенше жағдай жариялап, Жоғарғы сот мүшелерін қамауға алу туралы бұйрық берген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети