18 желтоқсан 2019 10:15

Панама түрмесіндегі төбелестен 11 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Панама түрмесінде жаппай төбелестен 11 адам қаза тапты және сонша адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости.


Панама түрмесінде жаппай төбелестен 11 адам қаза тапты және сонша адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Панама астанасының шығысындағы түрмеде жаппай төбелес болды. Бұл туралы елдегі түзету мекемелерінің дирекциясы өкілдері мәлімдеді. 

"Сейсенбіде түстен кейін Хойита түрмесінде сотталушылар арасында төбелес болды. Оқиғаны полиция бақылауға алды. Өкінішке орай оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты және сонша адам зардап шекті", - делінген хабарламада. 

Қаза тапқандар арасында түрме қызметкерлері не полицейлер жоқ. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты әкімшілік және қылмыстық іс қозғалған. Төтенше жағдай қайталанбасы үшін төбелескен тараптарды екі жаққа бөлген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети