Парижде терактіге қатысы бар күдікті полицияға өзі келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парижде терактіге қатысы бар күдікті полицияға өзі келді

Бельгия билігі Парждегі Елисей алаңында теракт ұйымдастыруға қатысы бар делінген күдікті Бельгияның Антверпен қаласындағы полиция бөлімшесіне өзі келді, - деп абарлайды РИА Новости "Франс Пресс" агенттігіне сілтеме жасап. 

Осыған дейін, Франция ІІМ ресми өкілі Пьер-Анри Бранде Парижде Елисей алаңында теракт ұйымдастыруға қатысы бар делінген күдіктінің суретін жариялаған болатын. 

"Бельгия билігі іздеу салған ер адам Антверпен комиссариатына өзі келді", - деді Бранде.

Еске салайық, кеше, 20 сәуірде Париж орталығында қылмыскерлер полицейлер патруліне шабуыл жасады. Салдарынан полицей қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алған. Сондай-ақ, сол жақтан өтіп бара жатқан бір әйел де жарақат алған. Бұл оқиға Францияда өтетін президент сайлауының алдында, яғни шабуыл сайлауға үш күн қалған кезде жасалып отыр.

Айта кетейік, бұл шабуылды ДАИШ ұйымы өз мойнына алды. Франция президенті Франсуа Олланд премьер-министр мен ІІМ басшысымен өткен кездесуден кейін бұл шабуылдың террористік мазмұны бар екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамп Париж орталығында болған атысты террористік шабуыл деп атады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети