21 сәуір 2017 09:22

ДАИШ Парижге шабуыл жасады: Екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© foxnews.com © foxnews.com

Кеше, 20 сәуірде Париж орталығында қылмыскерлер полицейлер патруліне шабуыл жасады. Салдарынан полицей қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алған. Сондай-ақ, сол жақтан өтіп бара жатқан бір әйел де жарақат алған. Бұл оқиға Францияда өтетін президент сайлауының алдында, яғни шабуыл сайлауға үш күн қалған кезде жасалып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Калашников автоматымен шабуыл жасағандардың бірі өлтірілді. Ал екіншісі, расталмаған мәліметтерге қарағанда, бостандықта жүр. Басылымның мәліметінше, атыс болған жердің маңындағы үш метро жабылды. Адамдар қоғамдық орындардан эвакуацияланды. Полицейлер тікұшағы да жұмылдырылған.

Полицейлерге жасалған шабуылдың видеолары әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр:

Reuters агенттігінің мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ол қылмыскерді осыған дейін білген. 

Ал BFM TV мәліметінше, шабуыл жасаған ер адам 39 жаста. Ол осыған дейін де оның көлігін тексеру үшін тоқтатқан полицейлерге шабуыл жасаған. Cонымен қатар, ол пенитенциарлық мекеменің күзетшісіне шабуылдаған.

Сонымен қатар, БАҚ-тар Amaq агенттігіне сүйене отырып, атыс шығарған адамның есімі Абу Юсуф екенін жазып отыр. Ол Бельгиядан келген екен.

Айта кетейік, бұл шабуылды ДАИШ ұйымы өз мойнына алды. Франция президенті Франсуа Олланд премьер-министр мен ІІМ басшысымен өткен кездесуден кейін бұл шабуылдың террористік мазмұны бар екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамп Париж орталығында болған атысты террористік шабуыл деп атады.

© REUTERS/TWITTER/RT/Fox

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети