30 қаңтар 2021 10:25

"Паркет тұрмақ, еден құйылмаған". Құрылысшы "Путин сарайын" көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube/Алексей Навальный © youtube/Алексей Навальный

29 қаңтарда жұма күні "Россия 1" телеарнасында Александр Рогаткиннің Геленджик маңындағы "Путин сарайы" туралы сюжеті көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


29 қаңтарда жұма күні "Россия 1" телеарнасында Александр Рогаткиннің Геленджик маңындағы "Путин сарайы" туралы сюжеті көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей федералды арнасы Алексей Навальныйдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорының даулы интернет-тергеуіндегі жерге барып келді. 

Алайда "Вести" тілшісі Навальныйдың фильмінде көрсетілгендердің "бірін таппады".

"Бұл жер лас, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сарайдың өзінде жалаңаш бетон қабырғалар ғана бар. Бүкіл ғимарат бойынша әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда паркет тұрмақ, еден құйылмаған. Барлық пластик құбыр жақында салынған. Бұл құрылысқа он жылдан аса уақыт болыпты. Нысан бірнеше рет сатылған", - делінген сюжетте.

Репортажда "жаңа құрылыс салушының" өкілі көрсетілді. Есімі Игорь, тегі айтылмады, бетінде медициналық маскасы бар.

"Бұл қандай нысан, ол Путиннің сарайы ма?" деген сұраққа ер адам: "Бұл қонақүй, бөлмелері бар қонақүй, ортақ аймағы, бассейні бар", - деп жауап берді.

Құрылысшылардың айтуынша, бұл "ауқатты адамдарға арналған қонақүйде" 16 бөлме болады - екінші қабатта 11, бірінші қабатта 5. Онда VIP және қарапайым нөмірлер болады.

Сюжет авторының айтуынша, түсірілім тобы "сарайға" қонақүй иесінің рұқсатымен кірген, ол есімін әзірге айтпауды сұраған. 

"Олар кейін жеке баспасөз мәслихатын өткізуге дайын сияқты. Бірақ әзірге ішін қараңыздар дейді. Біз барлық жағын айналып шықтық. Барлық жерде бетон. Оның үстіне еден де жоқ", - деді Рогаткин РИА Новостиге.

Қазір нысанда жұмыс істеп жүрген адамдар, журналистің айтуынша, жүріп жатқан құрылысқа келген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети