Пашинян Қарабақ туралы мәлімдеме жасады: “Бұл біздің жер емес еді“

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пашинян Қарабақ туралы мәлімдеме жасады: “Бұл біздің жер емес еді“ Армения Республикасы премьер-Министрінің ресми сайты

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Minval басылымына сілтеме жасап.


Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Minval басылымына сілтеме жасап.

"Біз жерден айырылдық" дейді. Бірақ ол жер қалай біздікі болды? Өтініш, түсіндіріңіздерші: жер қалай біздікі болды?!" — деді Пашинян.

Оның айтуынша, бұл аумақ оны өз мүдделеріне пайдаланған "бірнеше генералдың бақылауында" болған.

"Қаза болғандардың артынан сөйлегім келмейді, бірақ былай дейік: ол жер бидай еккен бірнеше генералдың бақылауында болды, солай емес пе?" — деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Пашинян бұл аумақтарда толыққанды даму жұмыстары жүргізілмегенін мәлімдеді.

"Біз ол жерде мектеп салдық па? Балабақша салдық па? Зауыт салдық па? Ол жерде тұрдық па? Елді мекен құрдық па?... Онда олардың біздікі болғаны қайсы?" — деді Армения премьер-министрі.

Сөзінің аяғында ол: "Жер біздікі болған жоқ", — деп түйіндеді.

Бұған дейін Сюник облысында сайлаушылармен кездесу кезінде Пашинян 1988 жылы басталған Таулы Қарабақты Арменияға қосу қозғалысы үлкен қателік болғанын айтқан еді.

Оның сөзінше, 1990-жылдардағы Қарабақ қақтығысында армян тарапының жеңіске жеткені туралы көп айтылады.

"Бірақ жеңіске жеткен Арменияда бақуатты өмір, бостандық, еркін ерік білдіру болды ма?" — деп сұрақ қойды Пашинян.

Таулы Қарабақ бұдан 36 жыл бұрын Әзербайжан КСР құрамынан шығатынын біржақты түрде жариялаған. КСРО ыдырап, Әзербайжанмен қарулы қақтығыстан кейін (1992-1994 жылдар) аймақ көптеген жыл бойы армяндар қоныстанған танылмаған республика ретінде өмір сүрді.

2020 жылғы қыркүйекте ол жерде соғыс қимылдары қайта басталды. Армян тарапы Таулы Қарабақ айналасындағы барлық ауданнан және кеңес дәуірінде Таулы Қарабақ автономиялы облысына кірген бірнеше аумақтан айырылды.

Аймақтағы екінші соғыстан кейін арада үш жылға жуық уақыт өткенде, 19 қыркүйекте Баку Қарабақта бір тәулікке созылған әскери операция бастады. Нәтижесінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев елдің аумақтық тұтастығын қалпына келтіргенін мәлімдеді, ал аймақтың де-факто билігі танылмаған республиканың 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "өзін-өзі тарататынын" жариялады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.58   543.08   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер