1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Пашинянның партиясы Армения парламент сайлауында көш бастап тұр 21 маусым 2021, 11:37

Никол Пашинянның партиясы Армения парламент сайлауында көш бастап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Армения орталық сайлау комиссиясына
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Никол Пашинянның партиясы Армения парламент сайлауында көш бастап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Армения орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Республиканың орталық сайлау комиссиясының дерегінше, жиналған дауыс бойынша премьер-министр Никол Пашинянның партиясы - "Азаматтық келісім" алда тұр. Таңертең бюллетендерді алдын-ала санау қорытындысына сәйкес, Пашинянның партиясы 54,03 пайыз, ал экс-президент Роберт Кочарянның блогы - "Армения" 20,97 пайыз дауыс жинаған.

Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсянның (Честь имею) блогы 5,21 пайыз, армениялық ірі кәсіпкерлердің бірі Гагик Царукянның басқаруындағы "Гүлденген Армения" 3,96 пайыз дауыс жинаған.

Орталық сайлау комиссиясының дерегіне сүйенсек, Армения парламент сайлауына халықтың, шамамен, 49 пайызы қатысқан. Партия блоктары өтуі үшін 7 пайыз, партиялар 5 пайыз дауыс жинауы қажет.

Айта кетейік, Пашинян өз партиясының жеңіске жеткенін хабарлап, Еуропа экономикалық одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік келісімімен байланысы жақсартанын айтқан еді.

"Мен біздің аймаққа бейбітшілік тілеймін. Жаңа парақ пен даму кезеңін ашқым келеді. Біз Еуропа экономикалық одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік келісімі құрамындағы елдермен байланысты жақсартып, дамытуды жоспарлап отырмыз. Міндетті түрде осы бағытта жылжи береміз", - деп хабарлады ол.

Ал Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарянның басқаруындағы "Армения" блогы сайлау нәтижесін мойындамайтынын хабарлаған.

"Орталық сайлау комиссиясы жариялаған дауыс нәтижесі даулы әрі күмән тудырады. Бұл нәтижелер соңғы 8 айда бақыланған әлеуметтік өмір процесімен сәйкес келмейді. Оппозициялық күштердің бастауымен өткен митингілер, билік ұйымдастырған іс-шаралардың аздығы, елдегі сенім дағдарысы мүлде басқаны айтып тұр", - делінген "Армения" блогының хабарламасында.

"РИА Новости" басылымының мәліметінше, Армениядағы сайлауды 483 халықаралық бақылаушы бақылаған. Дауыс беру учаскелеріндегі қатаң заңбұзушылықтар туралы хабарланбады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!