19 желтоқсан 2017 12:53

Пентагон белгісіз ұшатын нысанды ұстау кезінде түсірілген видеоны жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Пентагон америкалық ұшақтардың белгісіз ұшатын нысанды ұстау кезінде түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды The Independent.


Пентагон америкалық ұшақтардың белгісіз ұшатын нысанды ұстау кезінде түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды The Independent.

Видеода 2004 жылы Сан-Диего жағалауында екі F/A-18 Super Hornets жойғыш ұшақтарының жүргізген операциясы түсірілген. 

Басылым мәліметінше, командир Дэвид Фрэвор және капитан-лейтенант Джим Слейт Тынық мұхитынан 160 шақырым жерде күнделікті жаттығу жасап жүрген. Сол кезде оларға белгісіз ұшатын нысанды ұстау бұйрығы түскен. 

Фрэвордың айтуынша, нысанның ұзындығы шамамен 10 метрдей болған, алайда оның қанаты не пропеллері болмаған. Соған қарамастан ол жойғыш ұшақтарды емін-еркін озып кеткен. "Оның не екенін айта алмаймын. Мен мұндай жылдамдықты ешқашан көрген емеспін", - деді ұшқыш. Оның артынан қуу бұйрығы болмағандықтан, ұшқыштар базаға қайтқан. Оның нақты не екені әлі күнге дейін белгісіз.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети