29 қазан 2016 14:48

Питт пен Джоли Жаңа Орлеандағы үйін сатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© chto-proishodit.ru © chto-proishodit.ru

Қыркүйек айында ажырасуға арыз берген голливуд актерлары Бред Питт пен Анджелина Джоли АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласындағы Француз кварталындағы үйін 4,9 миллион долларға сатты, - деп хабарлайды РИА Новости Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.


Қыркүйек айында ажырасуға арыз берген голливуд актерлары Бред Питт пен Анджелина Джоли АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласындағы Француз кварталындағы үйін 4,9 миллион долларға сатты, - деп хабарлайды РИА Новости Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

"Ол үй әділ бағаға сатылды. Бұл екі жаққа да тиімді келісім. Олар нәтижеге разы", - деді жылжымайтын мүлікті сату агенті Найна Килин. 3,5 миллион долларға бағаланған үйде бес жатын бөлме үш ванна бар. Голливудтық жұп 1830 жылы салынған бұл үйді 2007 жылы "Катрин" дауылынан кейін сатып алған болатын. Ол кезде дауыл қаланың біршама бөлігін қиратқан. Сол жылы Питт Make It Right Foundation коммерциялық емес ұйым ашқан, олар құйыннан зардап шеккен үйлерді қоршаған ортаға зияны жоқ жаңа технологиялармен салатын болған. 

Осыған дейін, Питт пен Джоли 2012 жылдан бері өз иелігіндегі Франциядағы помещик меншігіндегі жер иелігін сататыны хабарланған. Сатып алмай тұрып, актерлар жазғы демалыстар үшін осы поместьені жалға алып жүрген. 2014 жылы Питт пен Джоли осы жерде үйлену тойын жасаған.

Қыркүйек айының соңында Анджелина Джоли ажырасуға арыз бергені жарияланды. Ол өзінің бұл әрекетін жұбайлар арасындағы түсінсіпеушілікке байланыстырған. Сондай-ақ Джол соттан өзінің алты баласын өзімен қалдыруды сұраған. Алайда Питт балаларды көріп тұрады және заңды түрде қамқоршы болады.

Брэд Питт пен Анджелина Джоли Голливудтың ең қымбат актерларының бірі болып саналады. Көп жылдар бойы тбірге тұрып, олар 2014 жылы үйленген. Актерлардың алты баласы бар, оның арасында асырап алынғандар да бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети