29 қараша 2016 16:29

Полицейлер Колумбияда болған әуе апатынан 75 адамның қаза тапқанын растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медельин қаласының полицейлері Колумбияда бразилиялық футболшылармен болған әуе апатынан 75 адамның қаза тапқанын растады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Медельин қаласының полицейлері Колумбияда бразилиялық футболшылармен болған әуе апатынан 75 адамның қаза тапқанын растады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Медельин қалалық полициясының басшысы Хосе Асеведо әуе апатынан ... 75 адамның қаза тапқанын растайды", - делінген әуежайдың Twitter желісіндегі парақшасында. Осыған дейін ұшақ бортында болған 81 жолаушының кем дегенде алтауының аман қалғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, бүгін Колумбияда бразилиялық футболшылар отырған ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Ал кейінірек ұшақ апаты орнынан тірі қалғандар табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, Боливиядан ұшқан борт командирі Медельин диспетчерлеріне жанармайдың жетпейтіндігін хабарлаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети