04 маусым 2020 11:57

Полицейлер өлтірген афроамерикалық Джордж Флойдтан коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полицейлер ұстау барысында қайтыс болған Джордж Флойдтан коронавирус анықталған. Бұл туралы сот-медициналық сараптаманың қорытындысында айтылады , - деп хабарлайды Life shot Telegram-каналы.


АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полицейлер ұстау барысында қайтыс болған Джордж Флойдтан коронавирус анықталған. Бұл туралы сот-медициналық сараптаманың қорытындысында айтылады , - деп хабарлайды Life shot Telegram-каналы.

Басылымның мәліметінше, Джордж Флойдта коронавирустың ешқандай белгілері байқалмаған. Оның туыстары өлімге коронавирус себеп болмағанын айтады. Сондай-ақ, дәрігердің қорытындысына оның дем ала алмағандықтан мойны мен арқасына қысым түсіп қайтыс болғаны айтылады.

Афроамерикалық Флойд қылғындырудан қайтыс болған - сараптама

Айта кетейік, 46 жастағы афроамерикалық жігіттің өлімі жергілікті АҚШ тұрғындарының ашуын тудырған болатын. Бейбіт басталған ереуілдің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Қайғылы оқиға 25 мамырда Миннесота штаты Миннеаполис қаласында болған еді.

"Полицейдің танысы болып шықты". АҚШ-ты дүрліктірген істің мән-жайы анықталды

Ресми мәлімет бойынша, Джордж Флойд мейрамханада күзетші болыпты жұмыс істеген Флойд сол күні дүкеннен темекі сатып алып шыққан. Алайда ол жалған ақшамен төлеген көрінеді. Оқиға орнына келген полицейлердің мәліметінше, Флойд көлікте отырған. Офицерлер оған көліктен шығуды талап еткенде ол қарсылық көрсеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети