09 қараша 2021 13:47

Польша мен Беларусь шекарасында не болып жатыр?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Польша Беларусьпен шекарада мигранттармен ірі қарулы қақтығыстар болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Польша Беларусьпен шекарада мигранттармен ірі қарулы қақтығыстар болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Польша Үкіметінің өкілі Петр Мюллер қазіргі уақытта шекараның жанында 3000-4000 мигрант бар екенін,  Белоруссиядағы 10 000-нан астам адам Польшамен шекараны кесіп өтуге тырысып жатқанын мәлімдеді.

"Польша шекарасындағы әрекеттің өршуінің соңы ірі қарулы қақтығысқа жалғасады", - деді ол.

Сондай-ақ, Польша Ұлттық қауіпсіздік бюросының басшысы Павел Солох та жақын сағаттарда Варшава шекарада бірнеше жүз адамнан тұратын топтармен шабуылдар қайта басталады деп күтетінін айтты.

Польша мен Еуропалық Одақ (ЕО) елдері Александр Лукашенконың оппозицияны аяусыз басып-жаншуын сынағаны үшін Беларусьті Еуропада жаңа босқын дағдарысын тудырмақ болды деп айыптады. Жағдай бірнеше ай бойы шиеленісіп, дүйсенбі күні ушығып кетті, поляк тарапының айтуынша, Беларусь билігі 1000-ға жуық адамды Польша шекарасына дейін шығарып салған.

Польша Қорғаныс министрлігі ел мигранттардың шекарадан күшпен өтуге тырысқан талпыныстарына төтеп бергенін айтты. Польша Премьер-министрі Матеуш Моравецкий мигранттарға қарсы штаб құрды, сондай-ақ ел әскери дайындығын күшейтті, терроризмге қарсы бөлімшелер шекараға жіберілді. Сонымен қатар, мигранттардың жағдайына байланысты әскерлерді көшіру басталды.

Польша шекара күзеті сейсенбіде көші-қон жағдайына байланысты Беларусьпен шекара арқылы өтетін "Белосток бекінісі" өткізу пункті жабылатынын мәлімдеді.

"Бізде Беларусьпен шектесетін үш шекара бекеті бар. Олардың біреуін жабуды экономикалық санкция ретінде қарастыру керек", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Мацей Васик.

Васик шекарадағы шиеленістің ушығуына байланысты Еуроодақтың Минскіге қарсы бұдан да қатаң санкциялар енгізу керектігін айтты. Балтық жағалауы елдері Литва, Латвия және Эстония да осындай үндеу жасады.

АҚШ Мемлекеттік департаменті шекарадағы алаңдататын суреттер мен хабарламаларға алаңдаушылық білдірді және Беларусь үкіметін оның шекарасы арқылы заңсыз көші-қон ағындарын ұйымдастыру және мәжбүрлеу науқанын дереу тоқтатуға шақырды.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өз кезегінде Минскінің мигранттар мәселесін шешу жолын қорғап, Беларусь заңды түрде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қолданып жатқанын айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы шекарадағы көріністерге қатты алаңдап отырғанын жеткізді. Шекарадағы куәгерлердің айтуынша, мигранттар аязда азық-түлік пен медициналық көмек тапшылығын көріп отыр. Мысалы, Польшада жеті мигрант шекара маңында өлі табылды деп хабарланса, Беларусьте де өлім саны көбейген.

Гуманитарлық ұйымдар Польша үкіметін мигранттарды қорғау талаптарын қабылдамай, Беларуське кері қайтарып, халықаралық баспана заңын бұзды деп айыптайды. Польша болса, барлық әрекеттер заңды деп мәлімдейді.

Еске салайық, Беларусьтің Польша, Литва және Латвиямен шекарасындағы миграциялық дағдарыс соңғы бірнеше аптада күрт ушығып кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) өтінішіне қарамастан, поляк әскерилері көрші Беларусьтен Польшаға кіретін Таяу Шығыс пен Ауғанстаннан заңсыз мигранттармен күресу үшін тікенек сымдар орнатуға шешім қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети