04 наурыз 2022 18:15

Польшада ер адам Ресей тыңшысы деген күдікпен ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Польша сыртқы барлау қызметіне қатысты деген күдікпен ресейлік Испания азаматын қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Польша сыртқы барлау қызметіне қатысты деген күдікпен ресейлік Испания азаматын қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Польшаның ішкі қауіпсіздік агенттігі (ABW) 28 ақпанға қараған түні Польшаның Украинамен шекарасына жақын Пшемысль қаласында Ресей әскери барлауының (ГРУ) агенті екені анықталған ер адам ұсталғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ер адам Ресей мүддесі үшін операциялар жүргізіп, журналист атын жамылып Еуропа мен басқа елдерді аралаған.

"Ұсталғанға дейін ол қызметін жалғастыру үшін Украинаға баруды жоспарлаған", - делінген хабарламада.

Ер адам үш ай қамауда болады, егер кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деді ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети