25 қыркүйек 2020 09:40

Польшада коронавирусқа қарсы алғашқы дәрі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польшада коронавирусқа қарсы алғашқы дәрі-дәрмек ойлап табылғаны ресми түрде жарияланды. Препарат клиникалық сынаққа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Onet сайтына сілтеме жасап.


Польшада коронавирусқа қарсы алғашқы дәрі-дәрмек ойлап табылғаны ресми түрде жарияланды. Препарат клиникалық сынаққа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Onet сайтына сілтеме жасап.

Дәріні Biomed компаниясы коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан адамдардың қан плазмасын қолдана отырып жасаған. Қазір олар препаратты клиникалық сынақтан өткізу үшін төрт орталыққа жіберді: Люблин, Бытом, Белосток және Варшаваға.

"23 қыркүйекте өндіріс кезеңі аяқталды, нәтижесінде anti-SARS-CoV-2 иммуноглобулинінің үш мыңнан аса ампуласы шығарылды, олар қажетті тестілеуден өткен соң, оның ішінде өнімнің тұрақтылығын тексеру аяқталғаннан кейін клиникалық сынақтарға жіберіледі. Коммерциялық емес мақсатта клиникалық сынақтарға препаратты шығару 2020 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған", - деді компания басшысы Марцин Пирог.

Препарат өндірісі 18 тамызда басталғаны атап өтілді.

"COVID-19-ды жазылып шыққан адамның қан плазмасымен емдеу әдісін ДДҰ және Польша Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдады", - деді препараттың тұсаукесеріне қатысқан Польша парламентінің сенаторы, дәрігер Гжегож Челей.

Бұған дейін Қытайда коронавирусқа қарсы 11 вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатқаны хабарланған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети