12 қараша 2014 15:07

Польшада Тәуелсіздік күні тәртіпсіздікке қатысқан 300 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

11 қарашада Польшаның Тәуелсіздік күніндегі тәртіпсіздікке қатысқан 280 адам ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости. Сонымен қатар, қақтығыс кезінде 47 адамның жарақат алғаны хабарланды. Кейбір мәлімет бойынша, оның 23-і - полицей.

Польшаның Тәуелсіздік күнінде тәртіпсіздікке айналған шеруді ұлтшылдар ұйымдастырды. Қақтығыстар Ұлттық стадион орналасқан Вашингтон алаңы аумағында болды. Бетін жауып алған және бетперде киген жастар полицейлерді таспен атқылай бастаған. Олар петардалар мен файерлерді қолданды. Полицейлер оларды суатқышпен қуды. AFP-ның хабарлауынша, құқық қорғау органы қызметкерлері ереуілшілер мен шабуылдағандарды бөлуге тырысты. 

Польшаның Тәуелсіздік күніндегі шеруге ондаған мың адам қатысты. Айта кетейік, бұл мерекеде тәртіпсіздіктер өте жиі болады. Өткен жылы тәртіпсіздікке қатысқандар Ресей елшілігіне шабуылдады. Бұл жолы ұлтшылдардың шеруі өкілдіктің маңында болмады. Польша жері 123 жыл бойы Ресей, Австрия-Венгрия империяларының және Пруссияның құрамында болған соң 1918 жылы тәуелсіздік алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети