25 қараша 2016 18:42

Порошенкодан кейін сот алдына Янукович барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ZN.ua © ZN.ua

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович 2014 жылы Киевте болған тәртіпсіздіктерге қатысты істе куәлік беріп жатыр, - деп жазады РИА Новости. Істі Киевтің Святошинск аудандық соты жүргізіп жатыр, ал Янукович Ресейдің Ростов қаласында, екі қала арасында виедо байланыс орнатылды. 

Осыған дейін бұл іс бойынша Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко куәлік берген болатын. Украинаның Бас прокуратурасында Порошенкодан алты сағат бойы сұрау алынды. 

Дегенмен, Святошинск аудандық соты Януковичтен сұрау алуды кейінге қалдыруды ұсынды. Мұны сот  айыпталушыларды сотқа жеткізілмегендігімен байланыстырды, ал адвокат бұған қарсылығын білдірді. Мұның алдында "Бүркіт" арнайы жасағының қызметкерлеріне қарсы іс бойынша прокурор Янис Симонов, айыпталушыларды олар отырған Лукьяновск тергеу абақтысына жолдарды жауып тастағандықтан сотқа жеткізу мүмкін еместігін айтқан. 

Жаңартылған ақпарат бойынша, Виктор Януковичтен сұрау алу 28 қарашаға шегерілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети